jasqazaq.kz

Депутат Жигули Дайрабаев: Ат төбеліндей адам талап етті деп мандатымды тапсырмаймын (Видео)

13 сәуiр 2023, 9:05

«Ат төбеліндей адамның талабы үшін, мандатымды тапсырмаймын». Бүгін депутат Жигули Дайрабаев Мәжілістен кетпейтінін ашық айтты. Екі ұлы бірдей істі болған мәжілісмен балаларының кінәлі екеніне сенбейді екен. Керісінше, олар әділдік үшін соңына дейін күреседі деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дайрабаевтың екі ұлы өткен аптада ғана бес жылдан шартты жаза арқалаған болатын. Оларға тағылған айып жеңіл емес. Сыбайластарымен бірге мемлекеттің 550 миллион теңгесін қалтаға басқан. Бұл қаржы құлпынай егуге берілген Үкіметтің субсидиясы. Алайда депутат-әке сот үкімімен келіспейді. Жалпы, Парламентке келгелі Дайрабаевтың басынан дау арылмады. Оны Жамбыл облысының тұрғындары да жайылым жерді тартып алды деп кінәлап, біздің арнамызға шағым айтқан. Бұған қарамастан мәжілісмен мандаттан бас тартпаймын деп отыр. Депутаттың тілшілерге де «өкпесі қара қазандай».

Жигули Дайрабаев, Мәжіліс депутаты:

— Мен екі ұлымды да кінәлі деп есептемеймін. Апелляцияға береді. Адвокаттар жұмыс істеп жатыр. Олар күні бүгінге егіс дала жұмысымен айналысып жатыр. Біреу айтты екен деп, мен бүгін кете қалатын жағдай жоқ. Мәселеге алдын ала байбалам салатын түгі жоқ. Бір жерден бірдеңе іліп тауып алып тұрып, бірбірімізді шұқылағанды қою керек, құрметті ағайын. Мен мемлекетке, мына қазақ халқына қызмет істеймін. Менің пайдам көп тиеді, осы, әсіресе, ауыл шаруашылық мәселесіне.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата