jasqazaq.kz

Депутат: Зейнетақы қорының өз ақшасы болуы мүмкін емес

18 қантар 2017, 18:55

Қазақстан парламентінде БЖЗҚ монополиясын тартып алып, мемлекеттің қадағалауындағы жеке зейнетақы қорларына қайта оралу бастамасы қозғалды.

Парламент депутаттары Бірыңғай жинақтық зейнетақылық қоры төңірегіндегі ахуалға алаңдаушылық білдірді. Сәрсенбі күні мәжілістің жалпы отырысы барысында «Ақ жол» партиясы атынан мәжіліс депутаты Дания Еспаева премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа сұрату бағыттады. «Тергеудің мән-жайына үңілместен, біздің фракция Ұлттық банктің БЖЗҚ туралы түсініктемесімен түбегейлі келіспейтіндігін жеткізеді. Ол түсініктеме бойынша, аты шулы 5 миллиардтық келісімдерге сәйкес БЖЗҚ зейнетақы ақшасын емес, өз қаражатын пайдаланған», — деді Еспаева. Оның сөзіне сүйенсек, БЖЗҚ-ның жеке қаражаттары жоқ, қордағы қаржы ресурстарының бәрі миллиондаған азаматтардың басқаруға сеніп тапсырған зейнетақылық жинағы немесе осы жинақтардан түскен инвестициялық кіріс. «Ақжол» депутаттық фракциясы БЖЗҚ монополиясынан бас тарту мәселесін қарастыруды сұрап, зейнетақы қорларының қызметіне бірнеше тәуелсіз қатысушылардың араласуын енгізуді ұсынады. Олар салымшыларға нарықтық бәсекелестікке сәйкес және мемлекет пен үкіметтің қатаң қадағалауымен таңдау мүмкіндігін берер еді», — деп қорытты Еспаева.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде