jasqazaq.kz

Депутат зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын қаржы алуды қолдайды

16 қантар 2017, 18:24

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның білім алуға, емделуге және несиеге зейнетақы жинағынан ақша алу мүмкіндігіне қатысты ұсынысына орай пікір білдірді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, «бұл мәселені барынша тыңғылықты талқылау қажет. Мұндай халықаралық тәжірибе бар. Бірақ, онда барынша өзекті есептеулер жүргізу керек. Кейбір салымшыларда белгілі бір қаржының бар екендігі жасырын емес. Алайда, ол қажетті сомасын алған соң одан өмір сүруіне қажетті тым болмағанда орташа деңгейде қаржысы қалуы тиіс. Ендігі уақытта ынтымақты зейнетақы болмайды. Жинақтаушы және базалық зейнетақы ғана қалады. Мен министр болғанда жалақы өте төмен еді. Біз бұл тәжірибені зерделегенбіз», — деді Қарағұсова. Бұған дейін хабарланғандай, егер тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілсе, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін оқуға, емделуге немесе ипотека алуға жұмсай алады. «Қазір бұл мәселе (зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу — агенттік) талқыланып жатыр. Ұлттық банк төрағасы да бұл мәселе туралы айтқан, яғни бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан, талқылап жатырмыз. Егер бұл заңмен бекітілсе, зейнетақы қорының бір бөлігі ең керекті дүниелерге, емделуге, білім алуға немесе ипотека алуға беріледі. Қазіргі таңда азаматтарға ең қажетті осы үш бағыт алынып отыр», — деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде