jasqazaq.kz

Депутат Зәкіржан Күзиев: Ұн өндіретін 270 кәсіпорынның үштен бірі ғана қалды

16 маусым 2023, 14:16

Сенат депутаты Зәкіржан Күзиев Үкімет сағатында астық өңдеу саласындағы проблеманы атады.
«Астық өңдеу саласында ұн тартуға басты рөл берілген. Сонымен қатар, кейінгі уақытта бұл салада үлкен проблемалар байқалып отыр, яғни оның дамуына қауіп төнді. Егер 15 жыл бұрын Қазақстан 270 кәсіпорын арқылы өндірілген ұн көлемі бойынша әлемде көшбасшы болса, қазір олардың үштен бірі ғана жұмыс істеп тұр», — деді З. Күзиев.
Оның айтуынша, бұған нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі себеп болды.
«Осындай жағдайда біз екі шешімнің бірін қабылдауымыз керек, яғни халықаралық нарықтағы позициямызды қалпына келтіру немесе астықты тереңірек өңдеуге көшу қажет. Астық өңдеудің бірінші кезеңінде біз жарма, ұн және басқа да өнімді аламыз, мұны көптеген өңдеуші іске асырып келеді. Атап айтқанда, біздің өндірушілерді астықты тереңірек өңдеуге ынталандыру қажет. Осы орайда витаминдер, тағамдық қоспалар және өзге де өнімдерді өңдеуге болады», — деді депутат.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде