jasqazaq.kz

Депутат сот шешімін орындамай жүр

19 қантар 2017, 22:08

Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Ерік Жуанышбаев бір шаруа қожалығының жерін басып алып, оған мал қора мен үй-жайын салып тастаған. ktk.kz хабарлағандай, шаруа қожалығының басшысы меншігін сот арқылы қайтармақ болғанымен, Жуанышбаев оған пысқырмапты. Оған тіпті сот орындаушыларының да сөзі өтпейді екен. Бірақ депутаттың да өз уәжі бар.
Күлімхан Ахметованың мәслихат депутатынан жерін қайтара алмай жүргеніне биыл екінші жыл. Ерік Жуанышбаев Күлімханның қолында заңды құжаттарына қарамай, 30 гектар жерді басып алып, мал қораларын салып тастаған. Тиесілі жерін қайтарып алғысы келген шаруа сотта жеңіп шықса да, депутат онысын пысқырмапты.

Күлімхан Ахметова, шаруа қожалығының басшысы:

-Мына базды бұзып, өз еркіңізбен алып кетіңіз дедім. Бірақ ол кісі көнген жоқ. Сосын 27-қазан күні мен жеке сот орындаушылармен келісім-шартқа отырып, ол келісім-шарттан кейін желтоқсанның 15-інде баз бұзылуы керек болған. Алайда ол кедергі жасап, ол базды бұзғызбады.

Сот шешімі Ахметованың пайдасына өткен жылы тамыз айының аяғында шығып қойған. Бірақ Жуанышбаев мырза оны орындауға құлықсыз. Депутаттың мал-жайын қонысынан көшіру сот орындаушыларының да қолынан келер емес.

Айдос Сапарғалиев, сот орындаушысы:

-Депутат болғандықтан құқық қорғау органдарына ықпалы жүріп тұр. Сондағы құрылыс нысандарын сүріп тастау үшін ауыр техника керек. Ондай техникасын басқа шаруа қожалықтары бергісі келмейді. Өйткені олар да депутаттың атын естігеннен іргесін аулақ салады.

Үй-жайды қирататын ауыр техниканы Ахметова ақыры көрші ауылдан жалдап әкелді. Алайда нөкерлерімен бірге алдын кес-кестеген депутат сүру жұмыстарына тағы жол бермей қойды. Әрі қызылкеңірдек боп өз шаруасының дұрыстығын түсіндіріп әлек. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша 100 миллион теңгеге мал сатып алып, бизнес жүргізіп отыр екен.

-Бұның бәрі менікі емес. Бұл «пайщиктердікі». Мынау шаруа қожалығының төрайымы емес. Бұл «самозванец». Өйткені, бүгін прокуратураға берді. Бұны тексеріп жатыр.

Ал аудандық прокуратура бұл жағдайға қатысты жақ ашпады. Сот шешімін орындату мәселесіне қатысты да ешқандай шара қолданар емес. Ал Күлімхан Ахметова жерін қайтарып алмайынша тынбайтынын айтып отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде