jasqazaq.kz

Депутат пен министрдi қазақша сөйлеуге шақырды

22 қыркүйек 2016, 12:08

img_7864-1

Бүгiн Астанада «Қазiргi кезеңдегi экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мен жолын кесудiң заңнамалық және институционалдық шаралары» дөңгелек үстелi өтiп жатыр. Отырысқа депутаттар, министрлер, вице-министрлер, құқық қорғау және мемлекеттiк арнайы мекемелердің өкiлдерi, қоғам белсендiлерi мен сарапшылар жиналды. Сөз алғандар баяндамасын тек орыс тiлiнде жасап жатты. Ал қоғам белсендiсi Мұхтар Тайжан жиналғандарды қазақ тiлiнде сөйлеуге шақырды. 

«Мұхтар Тайжан «Бүгiн – 22 қыркүйек. 27 жыл бұрын осы күнi «Тiл туралы» заң қабылданды. Бiз осында бәрiмiз патриотизм туралы айтып отырмыз. Бұл дұрыс, құптаймыз. Бiрақ бiз өзiмiзден бастап, мемлекеттiк тiлге құрмет көрсетпесек, онда жастар бiзге сене ме?! Бiз өзiмiз үлгi көрсетуiмiз керек қой, ағайын. Сондықтан, әрине, қазақ тiлiн бiлмейтiндердiң айыбы жоқ, түсiнемiз. Бiрақ қазақша бiлетiндер қазақша сөйлесейiкшi. Қазақ елiнiң Астанасында, қазақтың жүрегiнде отырмыз. Осындай үлкен дәрежеде жиын өтiп жатыр. Неге өз тiлiмiзде сөйлемеймiз, ағайын?!», — деп кемшілікті бетке басты.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде