jasqazaq.kz

Депутат Магеррамов USAID-тің біздің елде кімге қанша қаржы бөлгенін анықтауды талап етті

05 ақпан 2025, 14:02

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне жолдаған сауалында шетелдік демеушілер бөлетін қаржы қаражатына аудит жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Депутат: «Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде USAID-тің ондаған жылдар бойы «зиянды жобаларды» қаржыландырумен айналысқаны нақтыланған. Ресми тұлғалар – Илон Маск, тіпті президенті Дональд Трамп USAID-ті «құныққан радикалдар басқаратын қылмыстық ұйым» деп атады. Ақ үйдің ресми мәлімдемесінде USAID агенттігінің салық төлеушілерге ешқашан есеп бермегені және қомақты қаржыны миға қонбайтын және кесірлі жобаларға бағыттағаны анықталған», — деді.

Магеррамов USAID Колумбияда «трансгендерлік операға» 47 мың доллар, Перуде «трансгендерлік комикске» 32 мың доллар, Мысырда туризмді қаржыландыруға 6 млн доллар, Гватемалада «жыныс ауыстыруға» және «ЛГБТ- активизмге» 2 млн доллар, Сербияда еңбек ұжымдары мен іскерлік қоғамдастықтарға теңдік пен инклюзивтілікті ілгерілетуге 1,5 млн доллар, Ауғанстанда «суару арналарын, ауыл шаруашылығы жабдықтарын» қаржыландыруға, көкнәр өсіру мен героин өндірісін қолдауға жүздеген миллион доллар бөлгенін мысалға келтірді.

Оның дерегінше, бұл ұйым 2022-2025 жылдары Орталық Азияда адам құқығы мен теңдікті нығайтуға 2 млн доллар бөлген. Ол бағдарламаны орындаушы – Еуропалық халықаралық лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер және интерсексуалдар қауымдастығы.

Магеррам Магеррамов: «Кімге қанша және қандай мақсатқа бөлінеді, елімізде қандай жобаларды жүзеге асыратындығын анықтау қажет деп санаймыз. Өйткені «сексуалды азшылық құқығын» қорғайтын топтардың белсенділігі оқта-текте байқалады. Бұл сырттан әсер етуден, сырттан келетін қаржылық қолдаудан туындап отыр. Алматының қақ ортасында өткен «әйелдер маршы», «лесбилер шеруі» деп аталатын шерулер және оларды өткізуге үздіксіз ұмтылыс осындай ұйымдар қызметінің нәтижесі», — деді.

Депутат мұндай зиянды жобалардан балаларды қорғайтын арнаулы заң жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныс жасады.

JQ-Aqparat

Сурет: egemen.kz

 

22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы ортасы қалыптасып келеді
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық