jasqazaq.kz

Депутат: Қазақстанда ЛГБТ туралы заңға қарсы болған шенеуніктер бар

22 қантар 2025, 13:09

Сурет: Shutterstock

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ туралы заңға қарсы болған шенеуніктер бар болғанын айтып,  барлық қызтекеге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем жолдады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Azattyq-ruhy сайты хабарлағандай, Еділ Жаңбыршин премьер-министр мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына депутаттық сауал жолдады.

«Кеше ғана әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өтті. Осы күнге дейін әлемнің көптеген елінде адам құқығын қорғау, либералдық көзқарасты қалыптастыру мен азаматтық қоғам орнатуды көздеген құрама штаттарда 47-президент Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекітті. Яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленді», — деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, бұл – ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға біз түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз.

«Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста, барлық қызтекеге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем. Бұл ретте АҚШ президентінің шешімі Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасты. Өйткені біз Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды», — дейді Жаңбыршин.

Депутат ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормалары да әзірленгенін айтты.

«Алайда, осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді. Тіпті, ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар, жалпы қоғам бізді қолдап E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жариялады. Небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын білеміз», — дейді Жаңбыршин.

Ол бұл ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті дейді.

«Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс. Олай болса, Үкімет тез арада келесі шараларды қолға алуы қажет. Бірінші, жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек. Екінші, барлық платформада, әлеуметтік желіде ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруі тиіс. Үшінші, ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауы қажет», — деп түйіндеді Мәжіліс депутаты.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі