jasqazaq.kz

Депутат: «Иноагент» туралы заң керек!

12 ақпан 2025, 19:02

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, «иноагент» туралы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq. kz.

Депутат: «USAID сияқты америкалықтар өздері қаржыландыратын мемлекеттік БАҚ-тың деструктивтілігін мойындап отыр. Оны соғыстан кейін идеологиялық күрес үшін құрылған өткеннің қалдығы санайды. «Азаттық» сайтына кірген кез келген адам оған көз жеткізе алады. Сайтта жаңа мектеп, жол салу, жүргізілген реформалар, қазақстандықтардың қандай да бір жетістігі туралы бірде-бір материал жоқ. Тек сын мен жағымсыз нәрсені төндірту», — дейді.

Ирина Смирнова мынадай мәлімет келтірді: елімізде 200-ге жуық шетелдік үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) жұмыс істейді. Олардың 70 пайызын АҚШ қаржыландырады. Үкіметтің ресми деректері бойынша, 165 донор грант бөледі. Оның ішінде 53 — халықаралық ұйым, 31 — шетелдік мемлекеттік ұйым, 81 — шетелдік және қазақстандық ҮЕҰ бар.

Депутаттың пікірінше, ҮЕҰ мәртебесін, саяси мүдделерді «медианы қолдау», «адам құқығын қорғау» және «толеранттылықты арттыру» деген желеумен жұмыс істейтін шетел агенттеріне қатысты ережені қайта қарау керек.

Ирина Смирнова басқа елдерде қолданылып жүрген заңдарға ұқсас заң қабылдауды ұсынды.  Мәселен, АҚШ-та «Шетелдік агенттерді тіркеу туралы» заң 1938 жылы қабылданған. Ол шет елдердің мүддесі үшін жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін реттеп, қаржыландырудың ашық болуын,  лоббистерді тіркеп, жарияланымдарды таңбалауға және ықпал етуші агенттер туралы деректерді жариялауға міндеттейді. «Бұл шындықты айтуға тыйым салу дегенді білдірмейді. Біз сол «шындықты» жеткізген адамға кім төлеп жатқанын білуіміз керек», — деп түсіндірді депутат.

И.Смирнова біздің елімізге де осындай заң қажет дейді:

«Біздің ортақ мақсатымыз – егемендігімізді нығайту. Бөгде құндылықтарды толеранттылық деуге, ал үгіт-насихатты — тәуелсіз журналистика деуге жол беруге болмайды».

JQ-Aqparat

Сурет: видеодан кадр

 

 

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры