jasqazaq.kz

Депутат: Электр қуатын ұрлау, жатыпішер делдалдық емес пе?

03 сәуiр 2024, 13:48


Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жылу энергиясы туралы және оған ілеспе заң жобасын талқылап жатыр. Депутат Данияр Қасқарауов өңірлердегі жеке трансформатор иелері бағаны шарықтатып отырғанын айтты.

«Мәселен, Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында жекеменшік 160-тан астам подстанция бар екен. Әр трансформатор иесі жарықты ойына келген бағамен сатады. Бір киловатт құны – 28 теңге мен 47 теңге аралығында. Халық қит етсе «жарықты өшіремін» деп қоқаңдайды. Неліктен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатқа бақылау жүргізілмейді? Жекеменшік иелері трансформаторларға техникалық шарттарды, инженерлік желілерді жүргізуге қалай рұқсат алған? Желілер заңдылығын кім тексереді? Электр қуатына қосылу құны 350 мың теңгеден 700 мың теңгеге дейін және одан жоғары екен. Неліктен жергілікті электр нарығы және негізделген шығындар мен кірістер пайызы тексерілмейді? Электр нарығы бақыланбайды. Бұл электр қуатын ұрлау, жатыпішер делдалдық емес пе? Кейбір жекеменшік иелері заңнан жалтарып, ауылда тұтынушы кооперативін ашып, жарық сатуда. Мұны қалай түсінуге болады? – деді депутат.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі