jasqazaq.kz

Депутат Дәулет Мұқаев «тұсау кесуде тұрған ештеңе жоқ» дейді

16 сәуiр 2025, 16:25

Соңғы кезде тұсау кесуді жиілеткен Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев сынның астында қалғаны белгілі. «Осы депутаттың айналысатын ісі ме» деген сауал әшейін бер жағы екен, «іш киімін қаттап, тұсауын кесіп жүре берсін» деген бір журналистің сөзі кімге болса да қатты тиетіндей-ақ.

Ал депутаттың өзі ешкімнің сөзіне пысқырмайтын сияқты. Әлеуметтік желіде ол тұсау кесу рәсімін он жылдан бері жүргізетінін, о баста жақын таныстарының балаларының тұсауын кесуден бастағанын айтып ақталды. Оның пікірінше, тұсау кесуде тұрған ештеңе жоқ. «Біріншіден, бұл қазақтың салт-дәстүрі. Екіншіден, осыны көріп қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқан өзге ұлт азаматтары да бар. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ», — дейді.

Депутат жұмыс уақытында тікелей кәсіби қызметімен айналысатынын, ал тұсау кесу сияқты рәсімін жұмыстан тыс, демалыс кезінде өткізетінін айтады.
Бірақ бастапқы кездегідей емес, қазір Дәулет Мұқаевтың Мәжіліс қабырғасында белсенділік танытқаны онша байқалмайды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі