jasqazaq.kz

Депутат: Бензин тапшылығына үкімет кінәлі

15 наурыз 2017, 22:28

Мәжілісмен Ерлан Барлыбаевтың айтуынша, шенеуніктер нарықтағы жағдайды қолдан ушықтырып отыр.

Себебі Атырау, Шымкент, Павлодардағы үш ірі мұнай зауытынан бөлек аймақтарда тағы 32 шағын кәсіпорын бар екен. Энергетика министрлігі сол кіші зауыттарға тек өңдеумен айналысуға рұқсат етіп, мұнай өнімдерін сатуға тыйым салыпты. Ал олар жылына 6 миллион тонна жанармай шығаруға қауқарлы. ktk.kz хабарлағандай, тыйымның салдарынан кәсіпкерлердің қолы байлаулы. Соның кесірінен ішкі нарықта жанармай тапшы, баға да күн сайын құбылып тұр. Жоқшылық пен қымбатшылықтан құтылу үшін сол 32 шағын зауытқа бензин мен дизель отынынан басқа да мұнай өнімдерін саудалауға рұқсат беру керек дейді депутат.

Ерлан Барлыбаев, Мәжіліс депутаты:

-Тапшылық туралы сөз болса, Энергетика министрлігі үш зауыттың жөндеуде тұрғанын айтады. Оны күтпей шағын кәсіпорындарға да мүмкіндік берейік. Президент 2014 жылы ішкі нарықты толық отандық жанармаймен қамтамасыз етуді тапсырған. Ал біз әлі 30 пайыз импортқа тәуелдіміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде