jasqazaq.kz

Депутат: Ат тағалайтын шегенің өзін шетелден алып отырмыз

14 желтоқсан 2023, 17:05


Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев спорт бағытындағы қазақы жылқы санын көбейту бағытындағы заң жобасын талқылау кезінде жылқы шаруашылығындағы елеусіз қалып келе жатқан мәселелерді қозғады.
«Ат спорты индустриясын дамыту бағытында білім саласындағы заңға да өзгеріс енгізуіміз керек. Себебі ат спортында біз ғылымсыз ешқандай жетістікке жете алмаймыз. Мамандар тәрбиелеу мәселесі, бапкер мен шабандоз дайындау мәселесі бар. Шабандоз балалар салмағы 40 келіден асқаннан кейін ешкімге керексіз болып қалады. Әрі қарай оларды ат спортының маманы ретінде дайындау мәселесі көлеңкеде қалып келеді», — деді депутат.
Сондай ақ ол заң аясында жалпы спорт бағытындағы жылқы шаруашылығын тұтас дамытуға назар аударылу керек деген ұсыныс айтты.
«Ат спортын дамытамыз дейміз, оны тағалайтын мамандар да дайындалмайды. Елде ат әбзелдерін жасайтын ұсталар жоқ. Ер мен жүгеннен бастап бүкіл әбзелді Ресейден әкелеміз. Ат тағалайтын шегенің өзін шетелден аламыз. Сарапшылар ат индустриясының көлеңкелі айналымында 500 млн долларға жуық қаражат жүргенін айтады. Заң жобасына соның бәрін көлеңкеден шығаратындай нормалар енгізілсе деген ой бар. Заң аясында қазақи тұқымда қолдау бергеніміз дұрыс. Алайда заң аясында жалпы спорт бағытындағы жылқы шаруашылығын тұтас дамытуға назар аударылса деген ұсыныс бар», — деді Қазыбек Әлішев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі