Депутат: Ассамблея үнсіз отыр деу дұрыс емес

10 сәуiр, 11:08

Ел арасында еліміздің су басқан өңірлеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді деген ақпарат тарауда. Депутат Геннадий Шиповских Ассамблеяға қатысты бұл ақпараттардың жалған екенін айтты. Бұл туралы депутат Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Соңғы кезде түрлі бейне және жазба материалдарды көріп аң-таң болып жүрмін! Мысалы Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқыны кезінде қайда? Ассамблея не істеп жатыр? Ассамблея керек емес, Ассамблея қандай көмек беріпті? Деген пікірлер көбейіпті! Ол дұрыс емес ағайын! Қазақтың жақсы сөзі бар “ Жақсының жақсылығын айт-нұры тасысын” деген! Елімізде қайғылы жағдай орын алған сәттен бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек беру үшін,арнайы Республикалық штаб құрып, одан әрі қарай өңірлерде штабтарды құрып гуманитарлық көмек беру бойынша жұмысты үйлестіре бастады.

Қазір біздің Ассамблея жанындағы “Ассамблея жастары” ұйымының еріктілері барлық су басқан облыстарда көмектерін көрсетіп жатыр! Егерде жалпылама айтатын болсақ бүгінгі күнге дейін Ассамблея мүшелері судан зардап шеккен облыстарға “Жүректен жүрекке” акциясы аясында 227 тонна гуманитарлық көмек жіберді, 277 миллион теңге жинап, қаржылай көмек көрсетуде. Сонымен қатар өңірлерде 10 мыңға жуық еріктілер зардап шеккен азаматтарға,құтқарушыларға,әскери қызметкерлерге,құрылысшыларға өз көмектерін беріп жатыр.

Сондықтан қадірлі ағайын Ассамблея үнсіз отыр, Ассамблея ештеме жасап жатқан жоқ деп айту дұрыс емес деген ойдамын. Айтпақшы әлеуметтік желіде жалған ақпарат өте көп, мысалы Ассамблеяға қыруар ақша бөлінеді, Ассамблея бюджетке қарап отыр деп. Достар бұл таза миф! Барлық көрсетіліп жатқан, жоғарыда аталып өткен Ассамблея тарапынан берілген көмек жайында айтатын болсақ, бұл Ассамблея жанындағы түрлі кәсіпкерлер, меценаттар және этномәдени бірлестіктердің көмегі! Аман болайық достар! Күшіміз бірлікте!», — деп жазды Геннадий Шиповских.

JQ-Aqparat

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді