jasqazaq.kz

Депутат Айдос Сарым: Қыздарымызға қорада тұрған мал сияқты қарамауымыз керек

05 мамыр 2023, 14:00


Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің оң тұстарын айтып, жұрт көкейіндегі бірқатар мәселелерге пікірін білдірді. Депутат өз ойын Baq.kz сайтына берген сұхбатында айтты.
«Егер біз өзіміздің қыздарымызға дұрыс тәрбие берсек, оларға дұрыс патриотизм мен мәдениетімізді бойына сіңірсек, онда ешкім ешқайда кетпейді. Жігіттермізге де осылай айтар едім. Қыздарымыздың бәрі қашып кететіндей төмен деңгейге түсіп кеткен жоқпыз. Бір жағынан қыздарымызға қорада тұрған мал сияқты қарамауымыз керек бойдақ бар екен. Әр адамның таңдауы мен сана-сезімі бар. Оған мысал, мәселен әлеуметтік желіні оқып отырып, бір жазба көрдім. Онда Қытайда 18 млн, ертең олар елімізге келіп, қазақтың қыздарын жапа-тармағай алып кететіні жөнінде жазылған. Меніңше, бұл қазақ қыздарын ақымақ көру. Ақмақтықтың шегі деп білемін. Біз кейде азаматтарымыздың жеке тұлға екенін, жеке ойы бар екенін ұмытып кетеміз. Қытай осы кезге дейін айтарлықтай көбейіп кеткен жоқ. Егер бұлай қорқынышпен өмір сүретін болсақ талай дүниеден айырылып қаламыз.
Қытай – кәріс те емес, орыс та емес. Қытай деген бөлек өркениет, өзге планета. Біз олардың тілі мен мәдениетін түсінбейміз. Қазіргі таңда нан мен астығымызды шығарып отырған дара еліміз. Үрейленетін ештеңе жоқ деп ойлаймын. Осы күнге дейін Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келе алатын еді. Одан елімізде қытай қаптап кеткен жоқ. Тіпті Қытаймен шекаралас аудандарда қытайлар қаптап, қақтығыстар болып жатқан жоқ», — деді Айдос Сарым.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі