jasqazaq.kz

Денсаулыққа зиян тағам түрін жарнамалауға шектеу қойылады

05 маусым 2025, 9:36

Бургер, фри сияқты денсаулыққа зиянды тағам түрін жарнамалауға шектеу қойылмақ. Ол үшін санитар мамандардан құралған сарапшылар қазір тауарлардың тізімін жасауға кірісті, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Тез әзірленетін фастфуд, тәтті сусындар мен кәмтиттерге балалар үйір. Оның салмақ қосып, семіздікке әкелетінін, қысымды көтеріп, қан-тамыр және басқа да сырқатқа себеп екенін жұрт біледі. Бірақ жарнамаға қызығып, әсіресе балалар жағы сатып алуға құмартып тұрады. Ата-ана да кішкентайының қалағанын бермей, қолын қағуға пейілді емес. Сарапшылар сондықтан жарнаманы шектеген жөн дейді. Алдымен тағамдардың құрамын саралап, олардың ағзаға қаншалықты зиянды екенін, тұзы мен шекерінің көлемін де анықтап алмақшы. Аталған жұмыс «Дұрыс тамақтану» жол картасына енгізілген. Құжат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде жасалған.

Сурет: Depositphotos.com

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы