jasqazaq.kz

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру қағазбастылықтан арылтады

31 мамыр 2023, 23:17

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» ұлттық жобасында  қамтылған келелі міндеттің бірі – медицина саласында бірыңғай цифрлық кеңістік құру. Бұл бағытта денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шараларды қолға алып, жүзеге асырып отыр. Соның арқасында тұрғындар медицина мекемесіне баруға уақытын кетірмей-ақ, өзіне қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізе алады. Оған қоса, тікелей қызметтерді цифрлық форматта алу мүмкіндігі кеңейді.

Электрондық стратегия жемісі                                                   

Отандық денсаулық саласын цифрландыру – басымдық берілетін маңызды міндеттің бірі. Бұл ең әуелі тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін керек. Өйткені қызмет көрсету сапасын арттырудың бір жолы — электронды жүйені дамытып, қағазсыз құжат айналымына ауысу.

Бұл орайда еліміздің денсаулық сақтау саласы әлемдегі тың үрдістерден құралақан емес. Соңғы жылдары ауруды анықтау, алдын алу және бақылау жасауда цифрлық құралдарды белсенді пайдаланады. Әсіресе, коронавирус пандемиясы медицина саласын цифрландыруға барынша көбірек көңіл бөлуге түрткі болғаны анық. Сол қиын-қыстау кезеңде қолға алынған денсаулық сақтауды дамытудың электрондық стратегиясы өз жемісін берді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 5,8 мыңнан астам мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарында медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымы дамытылды (98%). Медициналық ақпарат жүйелері (98,2 %), мобильді және веб-қосымшалар (20-дан астам) енгізілді және оларды интеграциялау жүзеге асты.

Денсаулық саласын цифрландырудың нақты нәтижесіне келсек, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Алматы қалалық бөлімшесінің директоры Гүлнара Ысқақова келтірген деректер мынадай:

— медициналық құжаттарға жұмсалатын қағаз сатып алуда 336,5 млн теңге үнемделді;

— медиабейнелерді  (флюорография, рентген, маммография және т.б.) шығаруға қажетті материалдарды сатып алуға жұмсалатын қаржы 252, 6 млн теңгеге азайды;

— медицина мекемелеріндегі электрондық сервис арқылы алдын алу жазылу есебінен кезек 30 пайызға қысқарды, емханаға өз аяғымен келетіндер 8,3 пайызға азайды;

— зертхана нәтижесін алу уақыты 1,8 есе қысқарды.

 eGov Mobile-дағы eDensaulyq уақыт үнемдейді  

Бүгінде ел тұрғындары  цифрландыру құралдарын белсенді пайдаланады. Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, анализ нәтижесі және басқа да медицнналық деректерді оңай алады.

Биылғы мамыр айында ОКҚ алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев халыққа медициналық көмек көрсету жүйесіндегі процестерді ашық, ыңғайлы, барынша тиімді етуге мүмкіндік беретін  цифрлық шешімдерді әзірлеу туралы әңгімелеп берді. Соның бірегейі — eGov Mobile мобильдік қосымшасында eDensaulyq сервисінің іске қосылуы. Бұл қосымшада донорлық статус, электрондық рецепт, медициналық қарсы көрсетілімдер, жүкті әйелдерді есепке алу және диспансерлеу, емдеуге жатқызу, зертхана нәтижелері және еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша кеңейтілген ақпараттың бәрі жарияланады.
Вице-министрдің айтуынша, eGov Mobile-дағы eDensaulyq сервисі азаматтарға көрсетілген қызметтердің тізімін көруге және қосып жазу анықталған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорына жүгінуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мұнда медициналық қызмет алу дерегін растау тетігі (науқастың биометриясы, QR-код, SMS-растау) енгізіледі. Бұл медициналық көмек көрсетудің ашықтығын арттыруға, көрсетілген медициналық қызмет емделушінің көңілінен шыққан-шықпағанын бағалау үшін керек. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігіндегі цифрлық шешім eGov Mobile мобилдік қосымшасында «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы іске асырылады. Науқасқа дәрі-дәрмектің рецепті берілген кезде еGov Mobile-да қолжетімді болады. Содан кейін ол емханадағы дәріханаға барып, QR-кодын ұсынады. Фармацевт бұрынғыдай ақпаратты қолмен енгізіп жатпайды. Дәрі алушының QR-кодын сканерлеп,  рецепт бойынша дәрі береді.

«Жалпы ақпарат» бөлімінде тұрғынның қай медициналық мекемеге  бекітілгенін, қай учаскеде тіркелгенін, учаскелік дәрігердің деректерін, МӘМС шеңберіндегі мәртебесі мен соңғы төлемінің сомасын, күнін көруге болады.
Медицина қызметкерінің жүктемесін азайту үшін «бір терезе» қағидаты іске асырылады. Бұл медицина қызметкерлерінің көптеген ақпарат жүйелеріне бір деректі қайтадан енгізуіне жол бермейді. Чек-парақтың негізінде орта медицина қызметкерінің пациентке алдын ала сауалнамасы арқылы дәрігерлік қабылдауды алдын ала дайындау тетіктері де енгізіледі. Кіші медицина персоналына медициналық ақпарат жүйесіне (МАЖ)  деректерді енгізу қызметін беру жоспарланды.
Қазіргі енгізіліп жатқан жаңалықтардың ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай жіктеуішін іске қосу, медицина мекемелерінің арасында клиникалық деректер алмасу сервисін іске асыру, еңбекке жарамсыздық парақтары мен анықтамаларын беру процесін оңтайландыру, көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем жүргізу бөлігінде төлем жүйелерін жетілдіру шешімдері бар.
Мұның бәрі денсаулық сақтаудың нысаналы экожүйесін қалыптастыруға, орталық қоймада ақпаратты шоғырландыруға, бірыңғай талдау мен медициналық статистиканы қалыптастыруға, медициналық көмекті есепке алу мен жоспарлаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көрсетілген медициналық қызмет туралы хабардар ету және қосып жазуды төмендету мақсатында бүгінде SMS-таратылымдардың көмегімен бірқатар кері байланыс құралдары іске қосылды. Ұялы телефонға сырқаттың стационардан шығарылғаны, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде рецепт жазып берілгені, жүкті әйелдерді жоспарлы емдеуге жатқызу күні, жүкті әйелдер үшін жоспарлы қарап-тексерудің жоспарланған күні туралы және медициналық ұйымға тіркелудің өзгеруі туралы хабарлама жіберіледі.

Медицина саласын цифрландыру дәрігердің де, емделушінің де уақыт үнемдеуіне сеп болатыны сөзсіз.  Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов өткен аптадағы кеңесте айтып өткендей: «Денсаулық сақтау саласын цифрландырудағы басты міндет – пациентке МӘМС аясында уақытылы және сапалы медициналық қызметтер көрсету. Дәрігер үшін пациенттің денсаулығы туралы барлық ақпараттың болуы маңызды, бұл құжатты толтыруға емес, емдеу процесіне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді».

Цифрлық таңбалау — көлеңкелі нарыққа тосқауыл

Медицина саласындағы цифрландыру ісінің бір тармағы дәрі-дәрмекпен байланысты. Елімізде дәрілік заттарды таңбалау жүйесі өткен жылғы шілдеден бастап кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазір дәрі-дәрмектің 90 атауы қамтылған. Бірыңғай таңбалау операторы фармацевтикалық нарықтың қолданыстағы инфрақұрылымына дәрілік заттарды қадағалау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізеді.
Цифрлық таңбалаудың мақсаты — цифрлық бақылау технологиялары арқылы көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою. Таңбалауды дәрі-дәрмек қаптамасының әр бірлігіне (бастапқы немесе қайталама) өндіруші/импорттаушы жүзеге асырады.
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі е аумағындағы дәрілік препараттардың айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл — дәрі-дәрмек айналымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемде қолданылатын Track&Trace жүйелерінің класы (түрі). Таңбалаудың арқасында ешбір тауар айналым тізбегіне басқа жақтан түсе алмайды.
Таңбалау жүйесі Naqty Onim тегін қосымшасының көмегімен дәрілік заттың жарамдылық мерзімін және оның денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкес келетіндігін білу үшін керек. Елімізде дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тіркелген және айналыстағы дәрілік заттарға белгіленеді.
Шекті бағалар дәрілік заттарға, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда үшін белгіленеді. Ол жылына екі рет бекітіледі. Таңбалау кодын сканерлеу арқылы сатып алса, дәрілік заттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін және дәрілік заттың құны шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары екенін анықтаса, онда сатып алушы Naqty Onim қосымшасында шағым қалдыруға құқылы.
Қысқасы, таңбалау дәрі-дәрмектерді жеткізу мен қамтамасыз ету жағдайын жақсартып, тапшылығына жол бермейді.

Талап Тілеген

 

Бүгін, 15:04
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 12:58
Туркестан: Борьба с саранчой продолжается
12 мамыр, 15:00
Аким Туркестанской области встретился с президентом компании "Magister Art" Ренато Сапорито
12 мамыр, 14:38
Туркестан: Ведется масштабная работа по улучшению дорожной инфраструктуры
12 мамыр, 14:30
Туркестан: Социальные объекты - на благо населения
12 мамыр, 14:16
Туркестан: В Жетысайском районе завершаются работы по восстановлению вертикального дренажа
12 мамыр, 14:14
Туркестан: В Тюлькубасе прошел республиканский конкурс молодежного творчества
08 мамыр, 14:51
4 завода по переработке водосберегающих технологий расположены в Туркестанской области
07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті