jasqazaq.kz

Денсаулық министрлігі: Қазіргі химиотерапия науқастың өмірін 3-5 жылға ұзартады

06 қыркүйек 2023, 11:42

Жыл басынан бері қатерлі ісік диагнозы қойылған 14 мыңнан астам қазақстандық химиотерапия алды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов мәлім етті.
«Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 14 175 пациент химиотерапиялық ем алып жатыр. Химиотерапия онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістеріне жатады. Ол бекітілген диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес тағайындалады. Негізінен кешенді емдеу құрамында – ісік мөлшерін және метастаздарды (клиникалық, клиникаға дейінгі) азайту мақсатында хирургиялық емдеуге дейін, ремиссияға қол жеткізу мақсатында және қайталанудың алдын алу мақсатында жүргізеді», — делінген департамент директорының тілші сауалына орай жолдаған жауабында.
Ведомство дерегіне сай, заманауи иммунотерапияны қолдану асқыну сатысындағы онкологиялық науқастардың денсаулығын жақсартуға сеп болды.
«Заманауи мақсатты және иммунотерапияны қолдану метастазбен дамыған қатерлі ісіктің кезеңдері бар науқастардың нәтижелерінің жақсарғанын көрсетеді. Егер бұрын өкпенің қатерлі ісігі, меланома, саркома сияқты жоғары агрессивті локализацияларда біз 1 жылдық өмір сүру туралы айтатын болсақ, қазір заманауни тиімді дәрілік және радиотерапия әдістерін қолдана отырып, біз 3 және 5 жылдық өмір сүру ұзақтығы жайлы айта аламыз», — деп жазылған ведомство ұсынған жауапта.
Қоса кетсек, Қазақстанда онкологиямен ауыратын 210 мыңнан астам адам есепте тұр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі