jasqazaq.kz

Денесін тістеп, қылқындырған: Алматыда 7-ші қабаттан құлап, қаза болған 21 жастағы бойжеткеннің анасы әділдік іздеуде

15 мамыр 2025, 10:51

Ақнәр Гүлстан. Сурет: «Астана» арнасы

Алматыда 7-ші қабаттан құлап, қаза болған 21 жастағы бойжеткеннің анасы әділдік іздеуде. Күдіктілерді қамауға алу туралы қаулы шықса да, екеуі әлі бостандықта жүр, деп хабарлайды jasqazaq.kz Астана арнасына сілтеме жасап.

ГҮЛСТАН ҚАМИТ, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:

Экспертизаның нәтижесі шығады. Бір қызда мас, енді бір қызда да спирт шыққан, ал менің қызымда спирт жоқ. Ал енді экспертизаның нәтижесінде тек қана иығынан құлағына дейін сырылған із бар деп қана жазған. Мен айтам, мыналар қайда деп? Даже тергеуші бұл материалдарды медициналық экспертизаға өткізбеген.

Көршілер қыздың жан айқайы шыққан сәтте «бұл күйеуі мен әйелінің кезекті жанжалы» деп ойлап, араша түспепті. Куәгерлер: «Марқұм құлағаннан кейін де тыныстап жатты» — дейді. Бірақ тіл қатуға шамасы болмаған. Ақырында жан сақтау бөлімінде көз жұмыпты.  «Құзырлы орган екі азаматшамен 6 минут қана тергеу жүргізген» — дейді Ақнәрдың анасы. Прокуратура айыпталушыларды қамауға алу туралы қаулы бекіткен. Бірақ олар қазір  жазаларын өтеп жатқан жоқ.

Қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс тіркеген. Қазір оқиғаның толық көрінісін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Тергеу шеңберінде материалдар жинақталып, талдануда. Куәлардан жауап алынуда, бейнежазбалар зерделенуде. Заңда көзделген басқа да іс жүргізу әрекеттері орындалуда. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында. Оның нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданатын болады.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі