jasqazaq.kz

Демалыс аймағында жарылыс болды

12 тамыз 2016, 12:12

 

 

photo_28390

 

 

Таиландтың демалыс аймағы Хуахин қаласындағы шипажайда бейсенбі күні кешкісін қос жарылыс болды, – деп жазады Caravan.kz тілшісі euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 20-дан астамы жараланған. Жапа шеккендер арасында шетелдік туристер де бар. Зардап шеккендердің қатарында Австрия, Ұлыбритания, Голландия, Германия және Италия елдерінің азаматтары болған.
Алғашқы жарылыс бардың жанында болды. Полицейлер келген кезде жақын маңда тағы бір бомба жарылған. Екі жарылғыш та гүл өсіретін құмыра ішіне жасырылып, телефон арқылы іске қосылған. Шабуылдарды кімдер ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Оқыс оқиғадан кейін шаһардағы барлық ойын-сауық орындары жабылды.
Айта кеткен жөн, Хуахин шипажайы жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдіктер арасында да үлкен танымалдыққа ие. Жарылыс кезінде кісі қарасы қалың болған. Өйткені, жұрт жалпыұлттық демалыс саналатын Ана күнін тойлауға жиылған екен.

 

kaz.caravan.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде