jasqazaq.kz

Дефектолог Мадина Халықберген: Бутерброд пен кола қыз балаға зиян

19 шiлде 2023, 10:47

Дефектолог Мадина Халықберген дені сау баланың туылуы тікелей анасының денсаулығына байланысты болатынын айтты. Ол бұл туралы отандық бағдарламаға берген сұхбатында әңгімеледі.

«Алғаш бала пайда болар кезде әкесінің денсаулығы дұрыс болмай, яғни ұрық дұрыс емес болса, ал оған керісінше ананың денсаулығы мықты, иммунитеті жоғары болса әйел адамдарда жаңағы ұрықты түзеп алатындай Алла берген механизм бар. Сондықтан қазіргі 17, 18, 19 жастағы қыздар дұрыс тамақтануы тиіс. Бутерброд, кола дегенді жеп алып жүре беру қыз балаларға зиян», — деді дефектолог маман.

Сонымен қатар Мадина Халықберген «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында» депрессия екінші орында тұрғанын айтты. Сол себепті депрессияда жүрген аяғы ауыр әйелдерден дені сау бала дүниеге келмеуі мүмкін екенін баса айтты.

«Себебі, депрессия тікелей гармондармен байланысты. Ол гармондар балаға әсер етпей қоймайды. Алайда ұрық әртүрлі вирустармен, бұзылған гармондармен, токсиндермен күресу мақсатында үш күн қатып қалады. Ешқандай қоректік зат бармайды. Алайда, мұның салдары балаға оттегі, дұрыс минерал жетпеуіне әкеліп соғады» — деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі