jasqazaq.kz

Даяшыға бетін сүйдірген Шаһизада жұртқа ұнамай қалды (Bидео)

02 тамыз 2023, 9:54

Әнші Шаһизада жақында төртінші рет немерелі болды. Өнер иесі келіні мен немересінің перзентханадан шыққанын мейрамханада достарымен атап өткен сәтті көпшілікке көрсетіп, сынға ұшырады.
«Кеше немеремді аман-есен шығарып алып, достарыммен мейрамханаға бардық. Алматы мен басқа қалаларда қанша мейрамханада тамақтанып жүрміз. Бірақ қызықты болсын деп, қонақтарды құрметпен тамақтандырмаған», — деп жазды Шаһизада Instagram парақшасында. Видеодан даяшы жігіттің әншіні тамақтандырып, сосын ауызын сүртіп бергенін байқауға болады. Осыдан соң даяшы жігіт Шаһизаданың бетін сүйеді. Ал желі қолданушылары әншінің бұл видеосына түрлі пікір білдірді. «Жасыңа сай емес», «Неғұрлым көңілді жүрген сайын Алла өмір жасыңды ұзартады. Мен де Шаһизаданың құрдасымын. Әндетіп, билетіп, күліп ойнап жүргенді жаным сүйеді. Жасына қарайтын ештеңе жоқ, қыздар әрдайым жас көрінсін», «Сыйыңды жоғалтпашы», «Өткендегі оқиғадан кейін өзіңді жоғалтып алғандайсың», «Қазақтың әп-әсем әйелі, талғамды, көрікті, өз жасына сұлу. Ғайбат сөздің не керегі бар?», «Ұят қой», «Ерсі көрінеді», — деп жазды желідегілер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі