jasqazaq.kz

Дауыс беру барысы қалыпты

06 қазан 2024, 10:44

 


АЭС құрылысы жөніндегі референдумға солтүстікқазақстандықтар белсене қатысуда. Облыс бойынша 591 сайлау учаскесі уақытында ашылып, алғашқы дауыс берушілерді қабылдауды бастады.
Ал солтүстікқазақстандық полицейлер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, басым бөлігі референдумда елдің алды болып таңғы сағат 8-ге дейін дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспаөз қызметі хабарлады.


«Тәртіп сақшылары азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетуге тиіс екеніне нық сенімді. Сондықтан күшейтілген жұмыс режиміне қарамастан, олар ауысымдағы кезекшілікке шыққанға дейін отбасы мүшелерімен бірге азаматтық борышын таң алагеуімнен орындады», — деді департаменттің баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиева.


Сайлау учаскелерінде тәртіп сақшыларының тәулікбойғы кезекшілігі алдын-ала басталған болатын. Олар дауыс беруге арналған бюллетеньдер салынған сейфтерді күзетіп, ықтимал штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдады. Жалпы, сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында жүр. Барлық қызметкерлер қажетті арнайы құралдармен, бейнетіркегіштермен тиісінше жабдықталған. Оларға бұқаралық іс-шараларды өткізу барысындағы іс-қимыл алгоритмі бойынша нұсқау берілген. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінде және олардың маңында жолда жүру және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар күшейтілді.


Солтүстік Қазақстан облысында дауыс беру барысы заң бұзушылықсыз, қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
Сағат 10.00-ге дейін солтүстікқазақстандықтардың 16 пайызға жуығы дауыс берді.

Роза Шәкенова,
Солтүстік Қазақстан облысы.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты