jasqazaq.kz

Дәурен Айдарқұлов: Сабырлы ер адамға- сабырлы әйел керек

05 мамыр 2023, 10:36


Отандық актер Дәурен Айдарқұлов бойдақ жігіттерге әйел таңдау жөнінде кеңес берді. Өнер иесі көпшілікке өз тәжірибесін бөлісті. Бойдақтарға арналған кеңесін Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында жариялады. «Менің ата-анам, достарым мені бала күнімнен сабырлы деп санайтын. Мен өзім де осындай ойдамын. Сондықтан мен сияқты сабырлы адамға пысық, шапшаң, белсенді әйел керек деп ойлайтынмын. Расымен, солай болды. Менің бірінші және екінші әйелдерім пысық болды. Бірақ, менің басымдағы ойды өзгерткенде таңғалдым. Сөйтсем, сабырлы ер адамға сабырлы әйел керек екен. Ал шапшаң, белсенді ер адамға сондай әйел керек. Дәл осындай жұптың отбасылық өмірі ұзақ әрі бақытты болатынын статистика дәлелдеген. Осы жерде бойдақ азаматтарға айтқым келеді. Өзіңіз секілді адамды іздеңіз. Пысық, шапшаң адамға — пысық әйел, сабырлы ер адамға — сабырлы әйел керек. Бақытты болыңыздар», — деді Дәурен Айдарқұлов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі