jasqazaq.kz

Дәурен Айдарқұлов: Екеуміздің де басымыз бос

12 мамыр 2023, 14:13

Актерлікті қойып, менторлыққа бет бұрған Дәурен Айдарқұлов отандық бағдарламада актриса Салтанат Серкебаевамен болған арадағы әңгіме жайлы тарқатып айтты.
Дәурен Айдарқұлов пен Салтанат Серкебаева отандық кинода ерлі-зайыптылардың рөлін сомдап, бірге бой көрсетті. Мұны көрген көрермен өнер адамдарының арасындағы әріптестік махаббатқа ұласады деп топшылаған.

“Біз Салтанат екеуіміз киноны сөйлестік. Салтанаттың басы бос, мен де бойдақпын. Жалпы кинода махаббатты ойнаған кезде екі адам арасында химия болады. Екеуіміздің арамызда химия, сезім болды деп айта аламын. Бірақ бұл сезімнің өрбуіне жол бермейміз деп шештік. Арадағы сезім кинода өзінің пайдасын тигізді. Себебі екеуіміз бұл сезімді бастан өткерсек, көрерменге де жеткізе аламыз. Бірақ түсірілім қалай бітеді, солай бір-бірімізден қаштық. Арада саналы түрде келісім болды. Мен Сауд Арабиясына кеттім”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Сондай-ақ ол қазіргі кезде де екінші, үшінші әйел алып жақсы өмір сүруге болады деп ойлайды.

“Бізде ер адамдар екінші, үшінші әйел алған кезде “тоқал” алдым деп айтады. Бірақ шариғатымызда қандай әйел болмасын, бәрінің құқықтары бірдей. Ер адам да бәріне бірдей қарау керек. Сонымен қатар еліміздің дәстүрі де бар. Бізде “бәйбіше”, “тоқал” деген бар. Бәйбіше басқаларға қарағанда жоғары тұрады. Біз бәйбішені де, тоқалды да, әр әйелдің құқығы бірдей екенін, яғни дәстүрді де, шариғаттың заңдылықтарын де ескеруіміз қажет. Соларды ескергенде ғана екінші, үшінші әйелмен бақытты өмір сүруге болады”, – деген пікірде актер.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде