jasqazaq.kz

Дәурен Айдарқұлов: Әйеліңді өзгертпе, ата-анаңа деген қатынасыңды өзгерт

03 мамыр 2023, 16:40

Отандық актер Дәурен Айдарқұлов шаңырақ көтерген жігіттерге отбасын сақтау жайлы кеңес берді. Өнер иесі желіде отбасылы өмірде өзі жіберген қателігін бөлісті.
«Әйелім екеуіміз ата-анаммен бірге тұрған уақытта олардың (анасы мен әйелі — ред.) арасында түсінбеушіліктер туындайтын. Менің ойымша, бұл жағдай көпшілігіне таныс. Осындай түсінбеушілік туындағанда ыңғайсызданатынмын. Негізінде анам мен әйелім де мұндайда ыңғайсыз жағдайда қалады. Бірақ мен болған жағдайға үнемі әйелімді кінәлайтынмын. Мен оған «Неге олай айтасың? Неге былай айтпайсың? Неге осылай жасайсың? Неге былай жасамадың» дейтінмін. Ал шынына келгенде, маған әйелімді емес, өзімді өзгертуім керек еді. Себебі, әйелің сенің ата-анаңмен қандай қатынаста екеніңді көреді. Сенің ата-анаңды қалай жақсы көретініңді, бағалайтыныңды біледі. Оның да ата-анаңа деген қарым-қатынасы сенікіндей болады. Себебі, ол сенің ата-анаңды қадірлемейтініңді түсінеді. Сондықтан, жігіттер әйеліңді өзгертпе, ата-анаңа деген қатынасыңды өзгерт», — деді Дәурен Айдарқұлов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі