jasqazaq.kz

Дәурен Абаев бастаған делегация Ржев қаласына барды

17 сәуiр 2025, 15:45

Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында қазақстандық делегация Тверь облысының Ржев қаласына барды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Sputnik.kz мәліметінше, делегация құрамында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары, Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері, Ресей әскери жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық курсанттар болды.

Делегация мүшелері еске алу рәсімінде 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадаларының жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды. 2010 жылы ашылған бұл мемориал Жеңістің 80 жылдығына орай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымын қайта қалпына келтірілді.
Мәрмәр тақталарда Қазақстаннан шақырылған он мыңға жуық жауынгердің есімі жазылған. 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы мен алты қазақстандық әскери құрама 1942-1943 жылдары Ржев түбінде қаһармандықпен шайқасты. Сұрапыл шайқаста олардың жеке құрамының 80 пайыздан астамы қаза тапты.
Қазақстандық делегация Совет жауынгері ескерткішіне және Трубино ауылындағы бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде шамамен 2000 сарбаз жерленген. Олардың арасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған ағасы Қасым Болтаев та бар.

JQ-Aqparat
Сурет: sputnik.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі