jasqazaq.kz

Дәулеткерей Кәпұлы: Менің қарным ашатын дүние осы

21 қыркүйек 2023, 14:48
turkystan.kz

turkystan.kz

Ақын Дәулеткерей Кәпұлы отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде қазіргі айтыскерлерге көңілі толмайтыны туралы сөз етті.

«Мен айтысты қойғалы 15 жыл болса, 15 жыл бойы домбыра ұстап не бір арнау айтып, не бір беташар жасамағам. Айтыстан саналы түрде бас тартқаннан кейін әдебиетпен, поэзиямен айналысамыз дегеннен кейін қалай айтысқанымды да ұмытып қалғам. 2008 жылы айтыспен қоштастым, содан кейін болып жатқан айтыстарға 4 жыл барған жоқпын, эфирден айтыс қараған жоқпын, мүлдем айтыс көрмей кеттім. Баратын болсам шыдай алмайтын сияқты сезім болды. Әбден бойымды суытып 4 жылдан кейін ұйымдастыруына, қазылығына араласа бастадым. Оған дейін өзіме-өзім сенімді болмайынша барған жоқпын. Айтыспен қоштасқанда мен 31 жаста екем, енді толысқан кезім. Бірақ поэзия бәрібір де көп толғантты. Қалған ақындардың көбі бір стильде, бір сөз саптаумен, инкубатордың баласындай болып келе жатыр. Менің қарным ашатын дүние осы», — дейді ол.
Дәулеткерей Кәпұлы жазба ақындары тарапынан айтыскер ақындарға деген қызғаныштың да болатын жасырмады.
«Жазба поэзияның өкілдерінің түн қатып, түс қашып отырып, зерттеп жазған дүниелері бар. Бірақ, солар бағаланбай жатқан кезде айтыскер ақындардың сахнадағы арзан шумақтары қатты бағаланып, машинадан машина, ақшадан ақша алады, танымал болады деген әңгімелер бар. Бірақ айтысқа да жеңіл деп қарамау керек. Мен өзім айтыстан шыққан адам ретінде жазба поэзияның өкілдеріне «мықты болсаң, шығып айтысып көр» деп айтқым келеді. Өйткені сахнада терлеп, халықтың көңілінен шығып, қарсыласыңа жауап беріп, тақырыпты терең жырлап беру деген үлкен еңбек. Сондықтан айтыскер ақындар «жарты сағат жырнап, машина мініп кетті» деген қызғанышты қою керек», — дейді ол.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры