jasqazaq.kz

Дәстүрлі Жолдау өз жалғасын тапты

15 қыркүйек 2023, 11:17

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялаған болатын. Тікелей эфирде жол тартқан Жолдауды мұқият тыңдап, бірқатар ауқымды мәселелерге мән берген Президент орта бизнес, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп, сондай-ақ, бірқатар салаларға жаңа серпілістер қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатындығын жеткізді. Мұнымен бірге, Мемлекет басшысы ірі кәсіпорындар 5 жыл сайын экологиялық аудит жасау керектігін де атап өтті.

«Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуы тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда», — деді Жолдауда.

Президент одан бөле, жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыпта жариялап отыр. Жолдау барысында еліміздің болашағы үшін бірқатар мәселер көтеріліп, олардың оң шешім табуына ықпал болатын мақсат-міндеттерді тапсырды. Әр саланың бүгінге дейінгі атқарылған жұмыстарын жеткізіп, нәтижелері қорытындыланып, келешекке жоспар құрылды.

Инара Намазбаева,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі