jasqazaq.kz

«Дастархан басында отырады». Меруерт Түсіпбаева мобилограф ертіп жүретін әншілерді сынады

25 маусым 2025, 16:34

Әнші Меруерт Түсіпбаева мобилограф ертіп жүретін әншілерге шүйлікті.

Әлеуметтік желіде ол: «Көптен бері осы мәселені көтергім келген. Бұзауын соңынан ерткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай, дәретханаға барғанының басқасын түсіріп, желіге салатындарды өз басым түсінбей өтермін бұл заманнан…

Ана жолы бір танымал адамның тойында ұйымдастырушы ивент қызметкерлері, кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбей, «үстінде сіздерге арнайы стол жайылды» деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды … Сол дұрыс ! Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген (тойға мүлдем шақырылмаған адамның сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе). Соған қарамастан, көп әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді. Дастархан басында отырды …. Бұл статистика, контент деген бір пәле болды ғой», — деп жазды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы