jasqazaq.kz

Дастан Оразбековтың жаңа әні көпшілікке түсініксіз (видео)

16 наурыз 2017, 14:31

Жуырда қазақстандық танымал әнші Дастан Оразбековтың «Сүйген жар» атты жаңа әні қалың көпшілікке жол тартты. Тыңдармандар әннің сөзінің ұйқасы жоқ, мағынасы жұтаң деген пікірлерін білдіріп жатыр.


Бұл жаңалығын Instagram парақшасында оқырмандарымен бөліскен әнші видеоның анықтамасына былай деп жазған:

«Бұл қазақша нұсқадағы орыс романсы — менің балалық шағымның әуені. Нағашы атам Түсіпбеков Алайдар мен Мусаева Бәтия әжемнің орындаған әні. Әуен уақытқа тәуелді емес, сөздері қазіргі шақта да мәнге ие… Әнді сүйемелдеген Арман Дүйсенов».

«Құлыптап үкім бір жиям,Баруға маған тұңғиық. Сүйгенім мұнда болмаса, Басқаның маған бір тиын», — деп басталатын әннің сөзін түсінбеген кейбір тыңдарман «Айтып тұрған өлеңі өлең сияқты емес, түсірген клипі клип сияқты емес маған… Дегенмен, Дастанға сәттілік тілеймін!», «Әннің сөзін түсінсем бұйырмасын», «Әні әдемі болғанмен, сөзін дым ұға алмадым» деп пікір білдірген.

Бұл туралы nur.kz порталы жазды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде