Дастан Өмірбаев: Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті

06 мамыр, 18:18

Алматы – ел экономикасына зор үлес қосып отырған ірі мегаполис. Жуырда қала экономикасын дамытуда соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткізілгені айтылды. Былтыр Алматының жалпы өңірлік өнімі 10,1 пайызға ұлғайып, 24,8 трлн теңгені құрады. Еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6 пайызға өсті. Алып шаһарда инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Біздің Алматы қаласы экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаевпен әңгімеміз  шаһар экономикасының дамуы төңірегінде өрбіді. 

 — Дастан Асанұлы, Алматы ірі өндіріс орындары, жетілген көлік-логистикасы, инфрақұрылымы және туризм әлеуетімен ел экономикасына қандай үлес қосып отыр?

— Алматы – бұл еліміздің ең ірі қаласы екенін білесіздер.  Сондай-ақ бұл шаһар елдің қаржылық, іскерлік, көлік-логистикалық, ғылыми-білім беру және мәдени орталығы. Соңғы жылдары Алматы инфрақұрылымдық жағынан едәуір дамыды. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инженерлік инфрақұрылымды, көлікті дамыту, тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу қаланың бюджеттік және инвестициялық саясатының негізгі басымдықтары ретінде белгіленді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2018-2023 жылдары қалада 130,3 мың пәтер, 22 мектеп, 24 балабақша, 1 аурухана және 4 амбулаториялық-емханалық ұйым салынды. Мұның өзі қаламыздың әлеуметтік тұрғыдан әлеуеті артып келе жатқандығын көрсетеді. Биыл қаланың көлік саласына 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Тек 2023 жылдың 11 айында 1150 жаңа автобус, 100 троллейбус сатып алынды, 25 шақырым жаңа жол салынды. Сонымен қатар, 200 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілді. Өзінің инфрақұрылымдық мәселелеріне қарамастан, Алматы инфрақұрылым сапасы бойынша республикадағы ең қолайлы орындардың бірі болып табылады. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, қаланы нысандармен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілу деңгейі 89,1 пайызды құрады. Бұл еліміздің өңірлері арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қаланың инфрақұрылымдық дамудағы мықты ұстанымдары білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерімен қамтамасыз етудің жоғары деңгейімен байланысты. Сонымен қатар қаламыздағы туризмді дамытуға да барынша күш салынуда.

— Өткен жылы өңдеу өнеркәсібі қала экономикасын диверсификациялауда негізгі драйвер болғаны белгілі. Аталған сектордың қарқынмен өркендеуіне ықпал еткен факторларды атап өтсеңіз.

— Алматыда өңдеу өнеркәсібі 21 пайызға артып, еліміздегі ең жоғары өсім қарқынын көрсетті. Автомобиль өндірісін, тамақ және фармацевтика өнеркәсібін ұлғайту есебінен оң динамикаға қолжетті. Сауда саласы 14,5 пайызға, оның ішінде бөлшек сауда саласы  6,5 пайызға, көтерме сауда саласы 17,4 пайызға өсті. Байланыс қызметі 3,3 пайызға, көлік және қоймалау 9,5 пайызға ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты. Жеке инвестициялар 7,3 пайызға дейін артты.

— Шаһардағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қалай бағалайсыз?

— Мегаполис экономикасы мен алматылықтардың жұмыспен қамтылуында шағын және орта бизнестің (ШОБ) алатын орны ерекше. Былтырғы жылы ШОБ субъектілері 2022 жылмен салыстырғанда 15,8 пайызға артып, 19,3 трлн теңгеге өнім шығарды. Өткен жылы ШОБ қаланың барлық жұмыспен қамтылуының 90 пайызын қамтамасыз етті. Бұл шамамен — 950 мың адам. Ағымдағы жылдың басынан бері бизнестің белсенді субъектілерінің саны 3,4 пайызға өсіп, 348,9 мың бірлікке жетті. Бүгінде бизнесті мемлекеттік қолдаудың көптеген шаралары жүзеге асып жатыр. Биыл шағын және орта кәсіпорындарға берілетін несие мен қаржыландыру көлемі ұлғаятын болады. Қолдаудың өңірлік және мемлекеттік шараларының есебінен ШОБ субъектілерінің 3 мыңға жуық жобасын қолдау жоспарланып отыр.

Мақпал Махаметқызы,

Алматы қаласы

18 мамыр, 22:58
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді
17 мамыр, 15:54
Түркістан: «Жасөспірім және жауапкершілік» профилактикалық шарасы өтуде
17 мамыр, 15:41
Түркістан: «Құқықтық тәртіп» және алаяқтардан сақтандыру
17 мамыр, 12:04
Түркістан: Учаскелік полицейдің қоғамдағы жауапкершілігі жоғары
16 мамыр, 15:19
Түркістан: Полиция мектеп оқушыларына қауіпсіздік шараларын түсіндірді
15 мамыр, 16:48
Түркістан: Алимент, авторлық құқық және сот сараптамасы
15 мамыр, 15:56
Түркістан: Өткен жылы 7 184 адамға тегін заң көмегі көрсетілген
15 мамыр, 15:36
Түркістан: Сарыағаш полициясы профилактикалық жұмысты күшейтті
15 мамыр, 14:16
Түркістан: Полиция жастарды қауіп-қатерден сақтандырады