jasqazaq.kz

Дәрігерлер жүрегі тоқтаған әжені ажалдан алып қалды

02 мамыр 2023, 19:25

Өскемен қаласының жедел жәрдем дәрігерлері 81 жастағы әжені бір ажалдан аман алып қалды. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша «103» жедел арнасы қоңырау шалған әйел анасының өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Бірден сол жерге жедел жәрдем қызметкерлері жолға шықты.
«Фельдшерлер Ерасыл Алтайұлы мен Тілеген Төлепбергенов үйге 10 минут ішінде келіп жетті. Тексеру кезінде 81 жастағы әженің жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі тоқтап қалған», — деп жазды ШОҚ денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Көмекке келген жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Абырой болғанда, содан кейін әженің жүрегі қайта соғып, тыныс ала бастады. Ауруханаға жеткізілген қарт кісінің жағдайы біртіндеп оңалып келе жатқанын айтты дәрігерлер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі