jasqazaq.kz

Дәрігерлер жаңа метапневмовирустың өршуіне қатысты дабыл қақты

05 қантар 2025, 13:08

Қытайдың солтүстік аймақтарында балалар арасында метапневмовирус жылдам таралып жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz. Бұл туралы Қытайдың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы мәлімдеді.

Бұл вирус көбінесе 14 жасқа дейінгі балаларға қауіпті. Ол тұмау мен суық тиюге ұқсас белгілер береді: жөтел, дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы. Ауру көбінесе жеңіл өтеді, бірақ кейбір адамдарда, әсіресе кішкентай балалар, қарт адамдар және иммунитеті әлсіз жандарда пневмония сияқты ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша:
* Метапневмовирусқа қарсы арнайы дәрі-дәрмек жоқ.
* Тек симптомдарды жеңілдететін ем жасалады.
* Бұл вирусты анықтайтын тестілер де жеткіліксіз.

Бұған дейін Тайвань ақпарат құралдары бұл вирустың өлім-жітім деңгейі 43%-ға дейін жетуі мүмкін екенін жазған еді.
Дәрігерлер тұрғындарға жеке гигиенаны қатаң сақтап, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес береді.

Фото: kuban24.tv

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі