jasqazaq.kz

Дәрігерлер 8-қабаттан құлаған жігітті аман алып қалды

15 мамыр 2023, 15:21

Алматы қаласының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған азаматқа күрделі ота жасап, аман алып қалды.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 8-қабаттан құлаған 19 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөліміне аса ауыр халде жеткізілген.
Пациент шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер оның миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын, бірінші-екінші дәрежелі травматикалық шок алғанын және көп сүйектері сынғанын нақтылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде екі ота жасалды.
Орталық қалалық клиникалық аурухананың ортопедия бөлімі меңгерушісі Қанат Тәуекеловтің айтуынша, жансақтау қызметкерлері алдымен пациентті жарақат салдарынан болған шоктан арылтқан.
Екі күн өткен соң дәрігерлер ота жасау жөнінде шешім қабылдады.
«Екі кезеңде бірнеше операция жасалды. Бірінші ота «сынған жамбас сүйегін ашық репозициялау, пластинамен және бұрандалармен бекіту» деп аталады. Науқас есін жиып, жағдайы жақсарған соң екінші ота жасалды. Бұл операция барысында сүйек тіндерін сынған жерден бір-біріне жалғап, металл конструкциялардың көмегімен жалғадық», – деді Қанат Тәуекелов. Жоғары технология көмегімен жасалған операция аса күрделі манипуляциялар қатарына жатады. Мұндай ота МӘМС пакеті шеңберінде ғана жасалады. «Біз пациентті емдеу барысында оның өмірін сақтап қалуды басты мақсат етіп қойдық. Сонымен қатар мүгедек болып қалмауы үшін барымызды салдық. Нәтижесінде науқастың өмірін сақтап қана қоймай, аяққа тұрғыздық. Айту керек, пациент операциядан соң екінші күні-ақ жүріп кетті. Орталық қалалық клиникалық ауруханада реабилитациядан өтті. Бүгінде ауруханадан шыққан жас жігіт өз бетінше жүріп-тұрады», — деді дәрігер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі