jasqazaq.kz

Дәрігерге деген құрмет әрқашан да бөлек болу керек

12 қыркүйек 2025, 15:16

Қазіргі таңда бүкіл әлем жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізіп жатыр. Бұл үдерістен біздің мемлекетіміз де қалыс қалмай, цифрлық трансформацияны ел дамуындағы негізгі бағыттардың біріне айналдырды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жасанды интеллект пен денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық берілді.
Президент өз Жолдауында Қазақстанның жасанды интеллект дәуіріне аяқ басқанын атап өтті. Бұл озық технологияны барлық салаға енгізу ел әлеуетін еселеп арттыратыны сөзсіз. «Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры – цифрландыру мен жасанды интеллект болуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін мемлекет тарапынан жүйелі іс-шаралар қабылданып жатыр. Қалалық және ауылдық аймақтарда медицина нысандары кезең-кезеңімен жаңартылуда. Мұнымен қоса, ірі қалаларда жаңа медициналық мекемелер ашылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды, осы жылдың соңына дейін тағы 115 нысан пайдалануға берілмек. Ал қалалы жерлерде денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар ірі нысан іске қосылды. Мысалы, Астанада онкология орталығы, Алматыда жұқпалы аурулардың ғылыми орталығы ашылды» деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар, бұған дейін салынған көпбейінді ауруханаларды бюрократиялық кедергілерге ұрындырмай, халық игілігіне беру қажеттігі айтылды. Жаңа нысандар салуды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жалғастыру ұсынылды. Мұндай бастамалар өз кезегінде өңірлік медицинаның дамуына жол ашады деп білемін.
Фармацевтика саласы да назардан тыс қалмады. Пандемияның бізге дәрі-дәрмектің ішкі нарықтағы қолжетімділігі мен отандық өндірістің маңызын көрсеткені белгілі. Сондықтан, Мемлекет басшысы ендігі міндеттің елімізде шығарылатын дәрі-дәрмектің түрі мен көлемін арттыру екенін тілге тиек етті.
Жанна СЕЙТЖАНОВА,
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры

12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті