jasqazaq.kz

Дәрігер қыста суық пен вирустан сақтанудың жолдарын айтты

07 қантар 2024, 12:04

Маманның айтуынша, жылдың бұл мезгілінде сарымсақ пен зімбір жеу керек.
Қыста денсаулыққа ерекше күтім қажет. Өйткені қатты суық пен вирустардың адам ағзасына кері әсер ететіні мәлім. Бұл туралы ресейлік дәрігер, диетолог-эндокринолог Ангелина Водолазкая «Газета.ru-ға» айтқан.
«Ультракүлгін сәуле жеткілікті болмаса, теріден D3 дәрумені бөлінбей қалады. Бұл дәрумен салмақты қалыпты деңгейде сақтайды, май алмасуын реттеп отырады, терінің, шаш пен тырнақтың дұрыс жетілуін қамтамасыз етеді», – дейді маман.
Дәрігер денсаулығымыз бен көңіл-күйімізді суық күнде де бұзбайтын азық түрлерін атап өткен. Ол осы тұрғыда көкөністерді ерекшелеп айтады.
«Көкөністер ағзадан холестеринді шығарып, асқазан-ішек жолының жұмысын реттейтін негізгі азықтық талшықтарды беріп отырады. Олардың бірі – асжапырақ (шпинат). Одан С дәрумені бөлінеді. Сондай-ақ, асжапырақта иммундық жүйені нығайтуға көмектесетін бета-каротин мен антиоксиданттар бар», – дейді Водолазкая.
Қыста өте қажет келесі азық – сарымсақ. Оның вирус пен бактерияға қарсы мықты қасиеттері бар. Сарымсақ суық тию, тұмауға шалдығу қаупін сейілтіп, иммунитетті арттырады.
«Бұл тұрғыда зімбірдің де маңызы зор. Оны шәйға қосуға немесе түрлі тағамдар жасағанда пайдалануға болады. Зімбірдің де қабынуға қарсы қасиеттері бар. Ол холестерин мөлшерін азайтып, жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды. Сондай-ақ, зімбір миға пайдалы, яғни есте сақтау қабілетіңізді жақсартады, Альцгеймер ауруының алдын алады», – деп қорытты дәрігер.
Ангелина Водолазкаяның айтуынша, қыста иммунитетті арттырып, денсаулықты сақтауға қажет заттардың бәрін бойға сіңіру үшін осы азықтарды түрлі әрі үйлесімді мөлшермен тұтынған жөн.

Фото: Massaget.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық