jasqazaq.kz

Дариға Бадықова: «Күзетші сенің не теңің» деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма?

16 ақпан 2024, 12:27

Актриса Дариға Бадықованың “Таптым-ау, сені” фильмі рекорд орнатқан еді. Өнер иесі әлеуметтік желіде кезекті туындысының басталғанын айтып, халықтан қолдау сұрады.

“Етегімнен тартпаңдаршы!Күзетші сенің не теңің деп жерден алып, жерге салып болдыңыздар ма?! Құрсын таралып кеткені соншалық, үтікті қоссақ та сол видео шықты ғой алдымыздан. “Мейрамхананың тауып берген күзетшілері ғой, біздің дым қатысымыз жоқ” деп ақталды демеңіздер! Бір жағы, басқа ұлттың баласына ұқсап күзетшімен жүргенге не жетсін?! Сол күнге жетейік деп жақсы сөз айтқан бір қазақ жоқ қой, шіркін-ай!”, – деп өкпе-назын айтты актриса.
“Құрметті көрерменім-ау! Жалпы деймін де, бастап жатқан ісіміз ілгері жүрсін десек, етектен тартып: “Ой сендер сондай, сендер мұндай” деп артқа тартпайықшы! Неге десеңіз, біз – көпұлтты мемлекетпіз. Өзіміз аз ғана қазақпыз! Жұрттың баласының алдында бір-бірімізді табалап, жағадан ұстамайықшы. Енді еңсемізді көтеріп келе жатқанда салымызды суға кетірмейікші! Қай саланың тасы өрге домаласа, төмен тартуға құмар болмайық! Рухы, биік текті ұрпақтың балаларымыз ғой!”, – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі