jasqazaq.kz

Дариға Бадықова: Біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз (Видео)

01 ақпан 2024, 14:35

Өткенде Дариға Бадықова мен Олжас Абай Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен барып, жұртты шалқасынан түсірген. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені Ақтаудағы бір кездесуде акрисаның табынушылары жан-жақтан ентелеп, шашынан тартқан видосы да тараған. Дегенмен Бадықоваға «Аq pen Qarа» подкастына берген сұхбатында ақталуға тура келді.

«Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек, иә? Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әр түрлі адамбыз, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз. Оны екі түрлі бағытта шығарған. «Батыс жабайы» деп. Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ батыс өңірінің халқы жанашыр», — деді ол.
Бадықованың ойынша, өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек.

«Қайта біздің елдің актерлары күзетпен жүргеніне қуану керек. Голливудта күзетпен жүреді екен деп таңдандық қой. Бізде неге қуанбайды? Неге өзіміздің болып жатқан нәрсемізге қуанбаймыз? Қазақ спорт пен өнерден басқа несін дәлелдейді?» — деп қынжылысын білдірді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі