jasqazaq.kz

Дархан Сатыбалды жолдардағы, жиектас пен гранит плиталарға қатысты жағдайға байланысты екі аудан әкіміне қатаң сөгіс жариялады

19 қыркүйек 2025, 17:50

Алматы әкімі қаладағы жол төсемінің жуырдағы шөгуі мен жекелеген учаскелерде жиектастың негізсіз ауыстырылуы мәселесін бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Дархан Сатыбалды Әуезов ауданындағы Аманжол және Яссауи көшелеріндегі асфальттың шөгуі, Ерменсай шағынауданында траншеялардың шайылуы, сондай-ақ Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан гранит плиталардың ұрлануы деректері бойынша қызметтік тергеу жүргізуді тапсырды.

Жекелеген аумақтарда мердігер ұйымдардың жұмысын тиісінше бақыламау салдарынан орын алған жағдайға байланысты: нөсер кезінде Аманжол көшесінде жол төсемі шөгіп (сумен жабдықтау және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС орындаған), 13 автокөлік зақымдалды. Сондай-ақ Яссауи көшесінде асфальт опырылған (ұзындығы 2,8 км болатын кәріз желісін «Спецкоммунстрой» мердігер ұйымы салған). Осыған байланысты Әуезов ауданы әкіміне қатаң сөгіс жарияланды.

Бұдан бөлек, Ерменсай шағынауданында инженерлік коммуникациялар тарту үшін қазылған траншеяларды қатты су ағыны шайып, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірген учаскеде («SGGroup Сапа Строй» ЖШС жұмысы), сондай-ақ әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесіндегі жерасты өткелінде гранит плиталарды негізсіз ауыстыру жұмыстарына бақылаудың болмауына байланысты Бостандық ауданы әкімінің болмауына орай оның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру саласына жетекшілік ететін орынбасары қызметінен босатылды.

Мердігер ұйымды бақылауда кемшілік жібергені үшін – Медеу ауданы әкіміне де қатаң сөгіс жарияланды. Уәлиханов бульварындағы жиектасты заңсыз шешіп алып, плиталарды облыстағы жеке үйге жеткізу оқиғасы қоғамда үлкен наразылық туғызды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, қала басшысы Үлкен Алматы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және іргелес аумақты абаттандыру жобасын орындап жатқан «Павлодар өзен порты» АҚ мердігер ұйымының жұмысындағы кемшіліктерге қызметтік тексеріс жүргізуді және оның себебін анықтауды тапсырды. Осыған байланысты жобаның тапсырыс берушісі – Экология басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. Әкім сондай-ақ Полиция департаменті бастығына Үлкен Алматы жағалауынан гранит плиталардың ұрлануына қатысты қылмыстық іс тергеуінің нәтижелері бойынша есеп беруді тапсырды.

Бұдан бөлек, Дархан Сатыбалды қысқа мерзімде жобалардағы анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына мердігер ұйымдардың және техникалық қадағалау қызметінің жұмысын қайта тексеру міндеттелді. Егер бұл мердігер ұйымдардың жұмыстарын адал орындамағаны расталса, қатаң шара қолданып, айыппұл салынады.

JQ-Aqparat 

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции