jasqazaq.kz

Дархан Сатыбалды «Күлтөбе» қалашығының құрылыс алаңына барды

27 мамыр 2024, 11:38

Күлтөбе қалашығы – Түркістанның бастауы. Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи — мәдени қорық-мұражайының маңызды объектісі — «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталды. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынбақ. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды кесене маңындағы «Күлтөбе» қалашығының құрылысын аралап көрді. Мердігер компания мен жауаптыларға нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді. Сан ғасырлық тарихы бар қалашық ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, жоба ЮНЕСКО қадалағауымен жүзеге асып жатыр. Облыс әкімі абаттандыру жұмыстарына баса мән беруді тапсырды.

«Күлтөбе қалашығы» атты ашық аспан астындағы археологиялық парктің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде. Жалпы аумағы 30 гектарға жуық болса, көгалдандыру аумағы 20 гектардан асады. Жоба бойынша 4 шатырлы күмбез, 27 тірек, КТП 1 дана, суағар (кәріз сорғы станциясы, дренажды жүйе) жоспарланған.

Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Қазір мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді.

Бүгінгі таңда жобада қаралған жұмыстар, яғни күмбездің металл конструкциялары, күмбез жабындары орнатылған. Трансформаторды монтаждау жұмыстары толық аяқталып, іске қосуға дайын. Сондай-ақ ағын суларға арналған науалар жүйесі (дренаж жүйесі) аяқталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі