jasqazaq.kz

Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына іссапармен келді

30 мамыр 2024, 18:28

Қазығұрт ауданында екі қабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл бастау алған баспана жеке инвестор есебінен салынуда. Жергілікті тұрғындарды тұрғын үймен қамту үшін қолға алынған жобаның жұмысымен аудагға іссарармен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды танысты.
Облыс басшысы сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін ауданның жер қорынан жалпы 2 гектар жер телімі бөлінген. Былтыр ауданда баспана кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болған.
Іссапар барысында аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлы сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехының жұмыстарымен танысты. Заманауи мал сою цехы жобасының құны — 1,1 млрд теңге. Тәулігіне 167 бас, жылына 60 мың бас мал союға қауқарлы. Жаңа цех толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Кәсіпорында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.
Ауданның өнеркәсіп өнім көлемін биыл 15,3 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған. 12,3 млрд. теңгеге 68 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 75,3 млрд. теңгеге жоспарлануда. Су үнемдеу технологиялары ендірілген жерлер 3 мың гектардан асқан. Бұдан бөлек, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ биыл ауданда 6 489 жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданында халықпен кездесу өткізді. Аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі