jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі

23 қантар 2023, 12:45

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыда сайт жетекшілері және блогерлермен кездесіп, интернет-жарнама мен онлайн-платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

«Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді, — деді министр.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, сондықтан министрлік медиа заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын және оны белсенді талқылауға шақырды.

Дархан Қыдырәлі әріптестеріне жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарап, контент сапасына мән беруді өтінді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі