jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Офлайн өмірдегі жауапкершілік онлайн әлемде міндеттеледі

10 шiлде 2023, 19:53

 

 

Бүгін Мемлекет басшысы «Онлайн-платфмормалар және онлайн-жарнама» туралы заңға қол қойды.

Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Фейсбук парақшасында былай деп жазды:

«Баршаға белгілі, әлеуметтік желілер бүгінде негізгі ақпарат көзі мен қоғамдық-саяси бағытты қалыптастыратын платформаға айналды. «Қоғам тынысының барометрі» атанған масс-медиа саласы қарқынды дамыған тұста ақпараттық технологиялар әсерімен әлем күрт өзгеріске ұшырады, коммуникацияның ландшафты да терең трансформацияға түсті. Мәселен, күні кеше ғана Reuters Institute жариялаған биылғы «Дижитал жаңалықтар есебі» бойынша, әлемде әлеуметтік желі арқылы жаңалықпен танысу 30 пайызға ұлғайған.

Осыған байланысты Президент 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында  медиа саланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырғаны белгілі.
Бұл орайда медиа қауымдастық және қоғамның пікіріне құлақ түріп, әлемдік тенденцияларды мұқият зерделеп, масс медиа туралы заңнама мен онлайн платформаларға арналған ережелерді бөлек қарастыруды жөн санадық.

Заңның қабылдануы Қазақстан Республикасындағы онлайн-платформалардың қызметі үшін құқықтық негіздер қалыптастырады, онлайн платформалар және онлайн жарнама саласындағы реттеудің нормативтік негізін консептуалдық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді.

Оған қоса, Еуропалық одақ қабылдаған Digital Services Act немесе цифрлық қызметтер туралы заңның баламасы іспетті бұл заң әлемдік әлеуметтік желілердің интерфейсін қазақшалау, инфлюенсерлердің жарнамасын таңбалау, заңсыз контентті неғұрлым тиімді модерациялау мәселелерін де реттейді.

Заң аясында көлеңкелі экономика үрдісін азайту және онлайн алаяқтықпен күресу бойынша қажетті шаралар қабылданады. Басқаша айтқанда, офлайн өмірдегі жауапкершілік онлайн әлемде міндеттеледі.

Жалпы қабылданған заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыру үшін онлайн платформалармен тиімді ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді. Бұл ретте қазірдің өзінде әлемге әйгілі әлеуметтік желілер мен онлайн платформалар әріптестік орнатуға ықыласты екендіктерін танытып, кейбірі өкілдерін тағайындады.

Осы орайда заңға бастамашы болған депутаттарға, жалпы Мәжіліс және Сенат депутаттарына, жұмыс тобының мүшелеріне, ұсыныс айтқан, қолдау білдірген барша белсенді азаматтарға алғыс айтамыз.

Жаңа заң ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз».

JQ-Aqparat

 

07 мамыр, 19:59
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
07 мамыр, 13:25
Айбек Дәдебай: Біздің ісіміз — Әділет! Жолымыз — Заң мен Тәртіп!
06 мамыр, 15:42
Қазақстанда ҰОС ардагерлерінің әрқайсысы 10 мың доллардан астам қаражат алды
06 мамыр, 13:48
Сарыагаш: Вопросы питьевой воды в Дербисеке находятся на постоянном контроле
06 мамыр, 13:46
Туркестан: Весенне-полевые работы идут полным ходом
06 мамыр, 8:59
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды
05 мамыр, 14:11
Учащиеся Туркестанской области стали призерами чемпионата мира по робототехнике
05 мамыр, 14:09
Сотрудничество Туркестанской области с Узбекистаном выходит на новый уровень
03 мамыр, 14:00
Жайнагуль Толемисова: Новые школы в Туркестане - это шаг в будущее