jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Маңғыстау — бірліктің өнегелі бесігі

20 мамыр 2023, 10:50

Ақтауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы, облыстық, қалалық, аудандық газеттер мен ақпараттық порталдың басын қосқан «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-нің 10 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.


Жиында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Елдің киесін сақтаған, ұлттық дәстүрдің өзегін жалғаған Маңғыстау өңірі әрқашан елдіктің тірегі болады» деген сөзі майлы қиянның тарихы мен тағылымына шын ықылас пен құрметтен туса керек. Сондықтан Маңғыстау — өнбейтін тірліктің емес, өлмейтін бірліктің өнегелі бесігі. Төрт бірдей мерейтойды атап өтіп жатқан осы маңғаз мекеннің төрт құбыласы түгел болсын!», — деді.
Министрдің айтуынша, еліміздегі ұлттық газеттің атасы «Қазақ» газеті, ал «Маңғыстау» газеті сол «,Қазақтың» жолын қуған ізбасарының бірі. «Біз биыл «Қазақ» газеті жарық көрген 2 ақпанды Ұлттық басылым күні деп жариялауға ұсыныс бердік. Өңірдің атын иеленіп отырған «Маңғыстау» басылымына да «Қазақтың» жолын тілейміз», — деді Дархан Қыдырәлі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі