jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Кез келген мемлекеттік құрылым ашық, шынайы болуы керек

15 мамыр 2023, 15:48

Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өткізген «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» тақырыбындағы семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, коммуникация жөніндегі ой-пікірін айтты.

Іс-шараның ашылу салтанатына Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Дархан Жазықбаев та қатысты.

«Қазіргідей ақпарат жылдам тарайтын заманда коммуникацияның маңызы өте зор. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүргізу үшін кез келген мемлекеттік құрылым ашық, шынайы болуы керек. Мекемеге қатысты кез келген сұраққа жауап беретін өкілді немесе баспасөз хатшысын даярлау маңызды. Қазіргі таңда баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыруға бағытталған әдістемелік кітаптарды дайындап, шығарып жатырмыз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиісті құрылымдарға, мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетуге дайын», — деді Дархан Қыдырәлі.

Семинарға орталық және жергілікті атқарушы органдардан басшылық лауазымдағы 45 мемлекеттік қызметші қатысып жатыр.
Мемлекеттік қызметшілер үш күндік семинарда көпшілік алдында еркін сөйлеу техникаларын үйрену, сұхбат берудің тәсілдерін меңгеру, аудиториямен коммуникация орнату, дағдарыс жағдайында БАҚ-пен жұмыс істеу сияқты тақырыптар бойынша тренингтерге қатысып, практикалық тұрғыда біліктілігін арттырады.
Семинардың теориялық бөлігі Мемлекеттік басқару академиясында, практикалық бөлігі «Qazaqstan» телеарнасының «Ашық алаң» студиясында өткізіледі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі