jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Біз журналистер құқығының бұзылмауына мән береміз

27 сәуiр 2023, 12:02

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Владимир Северныйдың ұсталуына қатысты пікір білдірді.
Журналистер сауалына жауап бере келе, Дархан Қыдырәлі бұған дейін журналистерге шабуылдар болған кезде министрлік ресми мәлімдеме жасағанын еске салды.
«Біз журналистерге шабуыл кезінде әрдайым олардың құқығын қорғадық. Оған қатысты мәлімдемелер жасадық. Шабуылдардың біразы анықталды. Ал енді кейбір әріптестердің мәселесіне келсек, ол шынында да журналистік қызметіне қатысты емес. Егер ол жерде бопсалау немесе басқа да мәселелер болса, ол тергеу аясына кіреді. Сондықтан жалпы журналистер құқығының бұзылмауына мән береміз», — деді ол.

Министр ерлі-зайыпты журналистер Наргиз және Валидимир Северныйдың мәселесі тергеліп жатқандықтан қандай да бір мәлімет бере алмайтынын айтты.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі