jasqazaq.kz

Дәнияр Қасқарауов: Көлсай маңындағы шұрайлы жерлер жекенің қолына өтіп кеткен (Видео)

06 қыркүйек 2023, 13:24

Сыртқа кеткен активтерге іздеу салып, арнайы заң қабылдаған депутаттар енді ел ішіндегі заңсыз қолды болған жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға күш салуда. Бүгін Мәжіліс мінберінде «Көлсай көлдері» Ұлттық паркінің аумағындағы заңсыздықтар мен экологиялық мәселелер сөз болды. Мәжіліс депутаты Дәнияр Қасқарауов Ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ жылға жалға берілген барлық жерлердің заңдылығын тексеріп, мемлекет меншігіне қайтару қажет деген ұсынысын ортаға салды.

Данияр Қасқарауовтың Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың атына жолдаған депутаттық сауалында: «Алматы облысында Жетісудың жауһары, еліміздегі жеті кереметтің біріне баланған Көлсай көлдері бар. Ұлттық парк аумағындағы ең шұрайлы жерлер кезінде жекенің қолына өтіп кеткен. Басында бұл жерлер Ауыл шаруашылық мақсатқа, шабындық және жайылымға деп берілген.
Енді кәсіпкерлер қонақүй, бассейн, дәмхана салып жатыр. Мәлімет бойынша бірде біреуінің құрылыс салуға рұқсат қағаздары жоқ. Жер мақсатсыз пайдаланылуда. Ал, Ұлттық парк аумағында капиталды құрылыс жүргізуге болмайды деген ережені ешкім елемейді. Құзырлы орындар да оны тексеруге, шара қолдануға құлықсыз», — делінген.

«Ресми мәлімет бойынша соңғы бір жарым жылда «Көлсай» көлдеріне жарты миллион турист келіпті. Көлдің айналасында бос жер жоқ. Айналаның бәріне шамамен үш жүздей киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Ешқайсысында дәретхана жоқ. Таулы аймақта кәріз жүйесі болмағандықтан шайынды сулар мен нәжіс жерге сіңіп жатыр. Септик, ассенизатор деген атымен жоқ. Осылайша тұмса табиғаттың экологиясы бұзылуда. Қала берді түтіні будақтаған көліктер көлдің басына дейін барады.
Ал Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ шатқалдарына тек электромобильдердің кіруіне ғана рұқсат берілген. Екеуінің де Ұлттық парк деген мәртебесі бар.
Сондықтан Көлсайға да сондай шектеу енгізбесек, енді 5-6 жылда еліміздегі ең көрікті жерден айырылып қаламыз.
Біз сыртқа кеткен активтерді қайтарамыз деп жаңа заң қабылдадық. Ел ішінде де кезінде қолды болған, арзан бағаға сатылған, заңсыз өзгенің иелігіне өткен осындай шұрайлы, ерекше қорғауды қажет ететін жерлер бар.
Арнайы комиссия құрылып соларға кешенді тексеру керек.
Осы ретте жалғыз Көлсай емес, барлық Ұлттық парк аумағындағы сатылған, ұзақ жылға жалға берілген барлық жерлердің заңдылығын тексеріп мемлекет меншігіне қайтару қажет деп санаймын», — деді Мәжіліс депутаты.
JQ-Aqparat

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры