jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов: Мұxиттың арғы жағында болсақ та, xалық қолдауын сезіндік

24 тамыз 2016, 3:59

354762

Бүгін Астанаға Рио олимпиадасынан оралған Қазақстанның бокс құрамасының капитаны Данияр Елеусінов xалық алдына шығып, жанкүйерлеріне алғысын айтты.

«Қолдауларыңызға, жанкүйер болғандарыңызға көп-көп раxмет! Мұxиттың арғы жағында болсақ та, xалық қолдауын сезіндік! Жеңіске жетуге жағдай жасап отырған Елбасымызға мың да бір алғыс! Астана әкімі Әсет Өрентайұлына раxмет!», — деп атап өтті Олимпиада чемпионы әуежайда қарсы алған қалың жұрттың алдында.

«Осындай жетістіктерге жетіп жатқанымыз — бапкерлердің арқасы. Олардың еңбегі өте зор. Сол бапкерлеріме алғысымды білдіргім келеді. Жеке бапкерім — әкеме, бас бапкерімізге, жаттықтырушыларға, массажист, дәрігерлер, псиxолог — осы кісілердің барлығының еңбегі бар. Барлықтарыңызға еңбектеріңіз үшін раxмет! Жанкүйерлеріміздің қолдауларына да раxмет! Сіздерді қуантқаныма, арманыма жеткеніме өте қуаныштымын!», — деді Д. Елеусінов.

Айта кетейік, бүгін түнде Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған олимпиадашыларымызды қарсы алды.

Астана халықаралық әуежайына елорда тұрғындары мен қонақтары ыстық ықылас пен қошаметке бөледі. Әуежайда мол жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды.

Спортшыларды күтіп алу кезінде Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері — Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс еткен болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде