jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов бұл жеңісін жұбайының туған күніне арнады

14 тамыз 2016, 16:13

20160814044729

Жартылай финалға шыққан жеңісімді бүгінгі әйелімнің туған күніне арнаймын. Боксшы Данияр Елеусінов бүгінгі жеңісінен кейін, Риодағы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында осылай мәлім етті.

«Бүгін үйдегі жан жарымның туған күні. Осы жеңісімді соған арнаймын. Оның туған күніне жасаған тартуым — бұл», — деп атап өтті Данияр Елеусінов.

Сондай-ақ, бұрынғы жеңістерінің барлығын бірінші кімге арнайтынын айтты.

«Осыған дейін жеңістерімнің барлығын бірінші анама арнайтынмын. Бірақ, бүгін әйеліме арнауға тура келді. Себебі, мен маңызды жарысқа шығатын күнімен оның туған күні тура келді. Сондықтан, әйеліме арнағым келді. Жалпы менің жеңісім — отбасымның жеңісі. Отбасымның жеңісі — елдің жеңісі», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр бүгін венесуэлалық спортшы Габриель Маэстрені жеңіп, жартылай финалға шықты.

Ал, 25 жастағы боксшымыз 2013 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар 2010 жылы және 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, халықаралық санаттағы спорт шебері. Данияр Батыс Қазақстан облысының тумасы, қазіргі уақытта Астанада әкесі Марат Елеусіновтің қол астында жаттығады.

1/8 финалда Данияр британдық боксшы Джошуа Келлиден басым түскен еді.

Данияр 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан. Рио оның спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасы.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде